СІМ министрдің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
СІМ министрдің ұсталғанын жоққа шығарды/фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігі ведомство басшысына қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін БАҚ-та министр Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

«Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз», – деп мәлімдеді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

«Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралып жатыр. Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет», – деп жазды министр.

Сондай-ақ оқыңыз