ҰҚК бірқатар лауазымды қызметкерінің қамауға алынғанын жоққа шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
ҰҚК мәлімдеме жасады/фото: egov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар лауазымды қызметкерінің қамауға алынғаны туралы БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды.

«Orda» телеграм-арнасында ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қасақана жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі ведомство басшысына қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды.

«Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз», – деп мәлімдеді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ оқыңыз