Сауда орталығындағы ниқабқа тыйым салатын белгі заңды ма

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General news бөлімінің тілшісі
Сауда орталығындағы ниқабқа тыйым салатын белгі заңды ма
Сауда орталығындағы ниқабқа тыйым салатын белгі заңды ма / коллаж: KursivMedia

Сенатор, бұрынғы ІІМ орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында ниқабқа тыйым салатын белгі пайда болғанына қатысты пікір білдірді.

Сенатор өткен сессияда елде қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заң қабылданғанын атап өтіп, сауда орталығының әрекетінен заңсыздық көрмейтінін жеткізді.

«Сауда ойын-сауық орталықтары көпшілік жүретін орын. Сондықтан бұл жерден заңсыздық көріп тұрған жоқпын. Кейін жанжалдасып жүргенше, алдымен ескерткені дұрыс деп санаймын», – дейді сенатор.

Бұған дейін, Dostyk Plaza сауда орталығында бет-әлпетті толық жабатын киімдерге тыйым салынғанын ескертетін ерекше жапсырмалар пайда болған.

Белгілерге сәйкес, келушілерге қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киіммен жүруге болмайды. Оған ниқаб, паранжі сиықты киімдер кіреді. Ал хиджаб пен жай орамалға шектеу жоқ, өйткені олар адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтірмейді.

Ал 30 тамыз күні президент бет-жүзді жасыратын киімге тыйым салатын заңға қол қойған.

Сондай-ақ оқыңыз