40 пайыз қымбаттаған: Алтын бағасы 61 мың теңгеден асты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлттық банк дерегі бойынша, 1 грамм алтын бағасы 61,4 мың теңгені құрады. Бірінші несие бюросының есептеуінше, бағалы металл жыл басынан бері 37 пайызға қымбатттаған.

«Егер инфляцияны ескерсек, нақты өсім шамамен төрттен біріне тең. Мұнда доллар бағамының әсері аз – ол жыл басымен салыстырғанда тек бірнеше пайызға ғана көтерілген», деп жазады сарапшылар.

Әлемдік нарықта да алтынның қымбаттап, тарихи рекорд жаңартып жатыр. Оған жаһандық тұрақсыздық әсер еткен, өйткені алтын әрқашан «қауіпсіз актив» саналады.

Сонымен қатар АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлеме төмендеуі мен доллардың әлсіреуі де бағаны көтеріп тұр.

Инвесторлар геосаяси белгісіздік кезінде қорғаныш активтерге көшіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз