Тамыз айында іскерлік белсенділік баяулады

Ұлттық банктің (ҰБ) мәліметінше, 2025 жылдың тамыз айында іскерлік белсенділік баяулаған. Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің айтуынша, бұл шілдедегі көрсеткішпен (51,5) салыстырғанда аздап төмен болғанымен, индикатор 2024 жылғы наурыздан бері оң аймақта тұр.
Салалар бойынша жағдай әртүрлі болды:
Өндірісте белсенділік едәуір жақсарды – индекс 53,8-ге жетіп, шілдедегі 51,9-дан жоғарылады.
Қызмет көрсету және сауда салаларында көрсеткіштер аздап төмендеді, бірақ оң аймақта қалды – тиісінше 51,4 және 51,3 (шілдеде – 52,3 және 52,9).
Құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде айтарлықтай өзгеріс байқалмады: индекстер 47,9 және 48,2 деңгейінде (шілдеде – 47,5 және 48,4).
Бизнес-ахуал индексі (БАИ) тамыз айында 11,9-ға дейін көтерілді. Бұл бизнес жүргізудің қазіргі жағдайын бағалаудың жақсарғанын көрсетеді. Дегенмен алдағы жағдайларға қатысты кәсіпкерлердің оптимизмі сәл төмендеген.
Ұлттық банктің мәліметінше, кәсіпорындар өз өнімдері мен қызметтеріне сұраныстың артқанын атап өтті. Ең жоғары сұраныс өндіріс секторында тіркелді.
Freedom Holding Corp. пен S&P Global бірлесіп дайындаған 2025 жылғы шілдеге арналған зерттеуінде де өнімге тапсырыс азайып, жұмыс күшін қысқарту көбейгені жазылған.