Ұлттық қордағы қаржы 36 трлн теңгеден асты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Ұлттық қордың ақшасын
Фото: kursiv.mediа, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың тамыз айында Қазақстанның Ұлттық қоры едәуір өсті. Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, қордағы қаражат 36 трлн теңгеден асқан.

Инвестициялық табыс себеп

Жыл басынан бері қорға жалпы 5,2 трлн теңге қаржы түссе, соның 2,5 трлн теңгесі – қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс. Ұлттық қордың активтері шетел валютасында сақталатынын ескерсек, халықаралық қаржы нарығындағы қолайлы жағдай инвестициялық кірістің өсуіне ықпал еткен.

Ад мұнай секторы ұйымдары төлейтін тікелей салықтар шамамен 2,74 трлн теңгені құраған.

Одан бөлек қорға корпоративтік табыс салығы есебінен 794,9 млрд теңге түскен. Өнімді бөлу келісімдері бойынша Қазақстанның үлесі – 799,5 млрд теңге.

8 айда қордан 3,8 трлн теңге алынған. Оның 2 трлн теңгесі – кепілдік берілген трансферт болса, 1,8 трлн теңгесі – нысаналы трансферт.

Ұлттық банк тамызда қордан 420 млн доллар сатылғанын хабарлаған. Бұл қаражат республикалық бюджетті қолда және «Талдықорған–Ұшарал» магистральдық газ құбырының құрылысына бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыз