Нығматулиннің ұлына қатысты қылмыстық іс уақытша тоқтатылған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
нығматулин
Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс уақытша тоқтаған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА ) мәліметі бойынша, бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы – Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық істің қаралуы уақытша тоқтатылған. Себебі халықаралық тергеу тапсырмасы жіберіліп, соған жауап күтіліп отыр.

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, тергеуде еш өзгеріс жоқ.

«Іс Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментінде қаралып жатыр. Қазір халықаралық тергеу тапсырмасына байланысты уақытша үзіліс жасалды», — деді ол.

Елемесовтің сөзінше, қазіргі уақытта Нұржан Нұрланов істі куәгер ретінде өтіп жатыр.

«Біз шетелден ресми жауап күтеміз. Сол құжаттар келген соң оның іс бойынша нақты статусы анықталады», — деп түсіндірді ол.

Бұған дейін Нұржан Нұрлановқа қатысты халықаралық тергеу тапсырмасы жолданғаны хабарланған. Ол «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-ның бас директоры қызметін атқарған. 2018 жылдың қаңтарынан бастап, ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма мүшесі болды.

Сондай-ақ оқыңыз