
Беларусь әншісі Макс Корж Алматыда 6 қыркүйекке жоспарланған концерті өтпейтінін мәлімдеді.
Өнерпаз Instagram желісінде жариялаған үндеуінде шоу қала билігінің шешіміне байланысты тоқтатылғанын түсіндірді.
«Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ жергілікті билік Алматыдағы концертті өткізе алмайтынын қатаң айтты», – деді Корж.
Әнші бұл жағдайдың Қазақстанға немесе жергілікті халыққа еш қатысы жоқ екенін ерекше атап өтті:
«Қазақстан – тамаша ел, адамдар да өте мейірімді. Маған көмектескісі келгендердің бәрі қолдау көрсетті».
Сонымен бірге әнші жанкүйерлерін демалысты тыныш әрі мәдениетті өткізуге, түрлі арандатушылықтарға берілмеуге шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Макс Корждың заңгері Алматыдағы концертіне қатысты пікір білдірген еді.