Израиль Газа қаласын басып алуға дайындалып жатыр

3 қыркүйек, сәрсенбі күні Израиль армиясының жоғары лауазымды өкілі Газа қаласына басып кіру салдарынан миллионға жуық палестиналықтың қоныс аударуы ықтимал екенін мәлімдеді. Израиль билігі тұрғындар үшін жаңа «гуманитарлық аймақ» құруды жоспарлап отыр.
Израильдің ресми өкілдері Газа қаласын толық бақылауға алуға дайындалып жатқанын айтады. Себебі олардың пайымынша, қала аумағында ХАМАС қозғалысының негізгі базалары орналасқан.
Қорғаныс министрлігіне қарасты палестиналық аумақтардағы азаматтық мәселелерді қадағалайтын COGAT органының өкілі соңғы күндері палестиналықтардың солтүстіктен (Газа қаласы орналасқан аймақ) оңтүстікке қарай белсенді қоныс аударып жатқанын хабарлады.
Оның сөзінше, қазіргі уақытқа дейін солтүстік аудандардан шамамен 70 мың адам көшіп кеткен.