
Әлеуметтік желілерде Қайрат Нұртастың әнші Назимаға үлкен гүл шоғын сыйлаған сәтінен үзінді таралып, көпшіліктің назарын аударды.
Бастапқыда жанкүйерлер өнерпаздың жұбайы Жұлдызға тосынсый жасағанына қуанды. Алайда кейін гүлдің басқа әріптесіне арналғаны белгілі болып, пікірталас қыза түсті.
Желі қолданушыларының көбі Қайрат Нұртастың жұбайымен және балаларымен көпшілік алдында сирек көрінетінін еске салды. Тіпті кейбіреулер:
«Бұл деген 40-тағы адамның қылығы ма? Отбасың бар, балаларың бар, оларға үлгі болып, қасында жүруің керек. Ал сен болсаң, бойдақ жігітше қылық шығарып жүрсің», – деп сын айтты.
Сонымен қатар кей жанкүйер мұндай көріністі жеке өмірге емес, клиптің немесе сахналық бейненің бір бөлігі ретінде қабылдау керек деп санайды.
Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың отбасында бесінші бала дүниеге келді.