Ливерпульде бокстан әлем чемпионаты басталды: Қазақстан атынан кімдер бақ сынайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ливерпульде бокстан әлем чемпионаты басталды / фото: архив kursiv.media

4–14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл дүбірлі дода тарихта алғаш рет халықаралық World Boxing федерациясының аясында ұйымдастырылып отыр.

Жарыс бағдарламасында – 10 ерлер және 10 әйелдер салмақ дәрежесі бар. 4–10 қыркүйек күндері алдын ала және ширек финалдық жекпе-жектер өтсе, 12–14 қыркүйек аралығында жартылай финалдар мен финалдар ұйымдастырылады.

Қазақстан құрамасы толық құрамда

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатына барлық 20 салмақ дәрежесінде қатысады.

Ерлер құрамасы (бас бапкер – Қайрат Сәтжанов):

  • 50 кг – Санжар Тәшкенбай
  • 55 кг – Махмұд Сабырхан
  • 60 кг – Бейбарыс Жексен
  • 65 кг – Ертуған Зейнолинов
  • 70 кг – Торехан Сабырхан
  • 75 кг – Сабыржан Аққалықов
  • 80 кг – Нұрбек Оралбай
  • 85 кг – Бекзад Нұрдәулетов
  • 90 кг – Сағындық Тоғамбай
  • +90 кг – Айбек Оралбай

Әйелдер құрамасы (бас бапкер – Елдос Сайдалин):

  • 48 кг – Назым Қызайбай
  • 51 кг – Алуа Балкибекова
  • 54 кг – Элина Базарова
  • 57 кг – Карина Ибрагимова
  • 60 кг – Виктория Графеева
  • 65 кг – Аида Әбікенова
  • 70 кг – Наталья Богданова
  • 75 кг – Надежда Рябец
  • 80 кг – Гүлсая Ержан
  • +80 кг – Елдана Тәліпова

Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін кешкі сессияда екі қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығады.

54 келі салмақта Элина Базарова Өзбекстан боксшысы Нигина Уктамовамен күш сынасады. Ал ерлер арасындағы 90 келі салмақта Сағындық Тоғамбай Гана елінің өкілі Исаак Окомен кездеседі. Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.

Чемпионаттың тікелей трансляциясын Qazaqstan және Qazsport арналары көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз