Қазақстан мен Англия матчының билеттері сатылымға шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан мен Англия матчының билеттері сатылымға шықты / фото: kff.kz

Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Англия U21 құрамасымен кездеседі. Маңызды матч 8 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтеді. Басталуы – 20:00-де.

Билеттер ticketon сайтында сатылымға шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алыпсатудың алдын алу үшін билеттер тек ойын күні сатып алушының поштасына жіберіледі.

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Денис Мамонов матчқа шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Құрамға 24 футболшы енді.

Қақпашылар: Нұралы Нұрғалиев («Шахтер»), Дулат Талыспаев («Кёге», Дания), Әбілқайыр Алиакбар («Алтай»).
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»), Темірлан Мырзағалиев, Никита Губарев (екеуі де – «Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ertis»).
Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет, Тамерлан Ағыманов (екеуі де – «Ertis»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»).
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Сэйф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Шахтер»), Рамазан Бағдат («Қайрат»).

Айта кетейік, Қазақстан U21 құрамасы Еуро-2027 іріктеуін сәтті бастады – Андорра жастар құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Енді Мамонов шәкірттері турнирдің екінші матчын Англияға қарсы өткізеді.

Бұған дейін, 4 қыркүйек күні Астанада Қазақстан мен Уэльс арасындағы ойынға барлық билеттер сатылып кеткені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз