Қазақстан – Уэльс: Әлем чемпионатына іріктеу матчының уақыты мен трансляциясы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан – Уэльс: матчының тікелей трансляциясы / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

4 қыркүйек, бейсенбі күні Қазақстан құрамасы Астанада Уэльс командасын қабылдайды. Бұл кездесу футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтеді.

Ойынның тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, Qazsport арнасынан көрсетіледі.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 3 ұпай, ал Уэльс командасында 8 ұпай бар.

Әли Әлиев шәкірттері бұл іріктеу кезеңінде Лихтенштейнді 2:0 есебімен ұтып, Уэльске (1:3) және Солтүстік Македонияға (0:1) жол берген болатын.

Қос құрама арасындағы алғашқы матч наурыз айында Кардиффте (Уэльс) өткен еді. Алаң иелері 3:1 есебімен басым түскен еді. Валлийлер сапынан Дэниел Джеймс (9-минут), Бен Дэвис (47) және Рабби Матондо (90) гол соқса, Қазақстан құрамасының жалғыз голын Асхат Тағыберген 32-минутта пенальтиден енгізді.

Астана қаласының әкімдігі матч күні «Астана Арена» стадионы маңында көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлаған. Сондай-ақ бұл ойынға барлық билеттер алдын ала сатылып кеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз