Абай облысында жолдардың 70 пайызы биыл жөнделмек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Абай облысында ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген жолдар қолға алына бастады / Фото: "ҚазАвтоЖол"
Абай облысында ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген жолдар қолға алына бастады / Фото: «ҚазАвтоЖол»

Абай облысында 584 шақырым жолды қайта жаңарту жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 250 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

«ҚазАвтоЖол» ақпаратына қарағанда, жылдар бойы қараусыз қалып, тас-талқаны шыққан тас жолдар ретке келтіріліп жатыр.

Мамандар жақында «Өскемен-Семей» бағытының бір бөлігін орташа жөндеуден өткізіп, жаңалап, қолданысқа берді.

«Бұл жол Абай облысы Шығыс Қазақстаннан бөлінгелі қараусыз қалған. Тәулігіне 6 мыңнан астам көлік қатынайтын республикалық трассада жұмыс келесі жылы да жалғасады», – дейді компания.

Сондай-ақ жылдар бойы құрылысы сағызша созылып кеткен «Қалбатау-Майқапшағай» күре жолында асфальт төсеу аяқталды.

Қоғам белсенділері мен мамандар салынған тас жолдардың сапасын жіті бақылап отыр. Жыл басынан бері 200-ден астам тексеру жүргізіп, жол құрылысына қолданған материалдардан мыңға жуық сынама алған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының директоры Айбек Аманбековтің пікірінше, осы уақытқа дейін Көкпектіден Майқапшағайға дейінгі жол толықтай ісе қосылды. Ең соңғы беткі қабатты салу жұмыстары аяқталды.

«Келесі жылы 522 шақырым жолды жөндеу жоспарымызда бар. «Өскемен-Семей» толықтай 100% орташа жөндеуден өтетін болады. Одан бөлек Ресей шекарасына шығатын жерде екі учаске жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Айта кететін жайт, «ҚазАвтоЖол» полицияның арызынан кейін 2 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелген еді.

Сондай-ақ оқыңыз