0:1 – Қазақстан Уэльске есе жіберді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен Уэлське есе жіберді. Есеп 25-минутта Киффер Мурдың голымен анықталды.

Ойынның 25-минутында Уэльс құрамасы айып добын орындау құқығына ие болды. Қазақстан қақпашысы Темірлан Анарбеков соққыны қайтарғанымен, доп тікелей Киффер Мурдың аяғына келіп түсті. Валлииялық шабуылшы бірінші болып допты қақпаға бағыттап, есеп ашты – 0:1.

Бұл матч 2026 жылғы әлем чемпионатына (FIFA World Cup 2026) іріктеу кезеңі шеңберінде өтті. Қазақстан мен Уэльс UEFA Group J тобында өнер көрсетуде, онда Бельгия, Солтүстік Македония және Лихтенштейн де бар

Еске сала кетейік, 8 қыркүйекте Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Англия U21 құрамасымен кездеседі. Матч Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз