
Үй кезегі неге «артқа жылжып» кетеді? Бұл сауал көп қазақстандықты алаңдатады. «Отбасы банк» сандардың ешқандай маңызы жоқ дейді.
Банк өкілдерінің сөзіне қарағанда, сандар өзгергенде көп адамдар кезегім артқа жылжыды деп ойлайды. Бірақ оның маңызы жоқ. Бұдан кезек өзгермейді. Маңыздысы – кезекке тұрған жыл. Өйткені, кезек жылға қарай жылжиды.
«Сондықтан сандарға емес, кезекке тұрған жылға мән беріңіз», – дейді «Отбасы банк».
Банктің ақпаратына қарағанда, үй кезегі артқа қарай жылжымайды. Биылдан бастап Қазақстанда тұрғын үй кезегі бір тізімге қойылып отыр.
«Кейбір адамдар үй кезегі сандарға байланысты өзгереді деп ойлайды. Сондықтан 325 нөмірі 324 болып өзгереді деп күтеді. Шындығында, жүйе басқаша жұмыс істейді», – дейді банк өкілдері.
Сондықтан «үй кезегі неге артқа жылжыды» деп алаңдаудың қажеті жоқ. Банк реттік сандардың маңызы жоқ деп сендіреді. Тұрғын үй кезегі туралы барлық ақпарат orken.otbasybank.kz порталынан көруге болады екен.
Мұның алдында қаздан қашқан баланың «Отбасы банкінің» жарнамасына түскенін жазған едік.