Жаңалықтар

Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамблі атындағы жатақхана ашылды

Общежитие Дос Мукасан
Фото: акимат Алматы

Алматыда «Дос-Мұқасан» атты аңызға айналған қазақстандық топтың негізі қаланған ҚазҰТУ жатақханасы қайта ашылды. Жаңартылған ғимаратқа ансамбльдің аты берілді.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жаңадан ашылған жатақхана студенттерге арналған заманауи үйге айналып, университеттің мәдени мұрасымен байланысын сақтап қалды. Ашылу рәсіміне университет басшылығы мен ансамбль мүшелері – Досым Сүлейұлы, Мұрат Құсайынов, Ұлықпан Сыдықов және Мейірбек Молдабеков қатысты.

Бірнеше ай бұрын жатақхана сот шешімімен университетке қайтарылған еді. Жекешелендіру мәмілелері заңсыз деп танылып, ғимарат қайтадан Satbayev University қарамағына өтті.

«Осылайша, «Дос-Мұқасан» атымен байланысты тарихи нысан өз басты міндетін қайта тапты – студенттерге қызмет ету», – деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Осыған дейін Алматыда 250 орындық жаңа жатақхана ашылғанын жазған едік. Ол жерде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Тұран» университеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) студенттері тұра алады.