Сот Шерзат Полаттың отбасын қаралаған блогерді өтемақы төлеуге міндеттеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Почти все осужденные по делу Шерзата Болата подали апелляции
Фото: ашық дереккөзден

Марқұм Шерзат Полаттың отбасы туралы арандатушылық мәлімдемелер жасаған қазақстандық блогер Бауыржан Абдрахман өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұл жайлы отбасының қорғаушысы Мейірман Шекеев мәлімдеді.

«Қаржаубайға жала жауып 20 тәулікке қамалған «Доктор»бостандыққа шыққаннан соң, тағы бір сот шешімін орындауға міндеттелді. Бұл сот шешімінің кереметтілігі, Шерзаттың отбасын тоқтаусыз қаралаған Доктор жариялы түрде Қаржаубайдан кешірім сұрауға міндеттелді. Ал 400 000 теңге моральдық шығын және 500 000 теңге өкілдік қызмет ретінде төлеуге міндеттелгені оның қасында жәй түкке тұрмайтын жеңістердің бірі ғой», – деп жазды ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Осы жылы тамыз айының ортасында TikTok-та Doktor деген лақап атпен танымал бұл блогер сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Бұған дейін адвокат Мейірман Шекеев  Қаржаубай Нұрымовтың отбасына демеушілердің қаражатынан үй салынып жатқанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз