Террористік және экстремистік қылмыс үшін 12 қазақстандық сотталды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Shutterstock.com

Осы жылы тамызда 12 азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.

«Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған», – деп жазылған хабарламада.

Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Осыған дейін БАҚ-та елдегі бірқатар лауазымды тұлғалар ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бірақ ҰҚК оны жоққа шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз