Алматыдан 430 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 430 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуі Астана уақытымен 12:15-те Қытай аумағында тіркелген.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5-ке жеткен. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) дүмпулердің күшін сәл төмен – 4,6 деп бағалады.
«Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 436 шақырым қашықтықта орналасқан», – деп хабарлады Қазақ ұлттық деректер орталығы.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілмеген. Соған қарамастан, сейсмологтар жағдайды бақылап, ықтимал салдарына мониторинг жүргізуде.
Ведомство өңір тұрғындарына үрейге бой алдырмай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді, жалған ақпарат таратпау мен орынсыз дүрбелең туғызбауға шақырды.
Еске салайық 2 қыркүйек күні Алматыдан 319 шақырым жерде 5 баллдық жер сілкінісі тіркелген болатын.