Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адам Қырғызстаннан экстрадицияланды

Алматы облысының аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Тергеу барысында 2019-2022 жылдар аралығында қаскүнемнің алдын ала сөз байласу арқылы өзге адамдармен бірге өңірдегі ең ірі азық-түлік базарларының бірінде сауда бутиктерін сату сылтауымен азаматтарды жүйелі түрде алдап келгені анықталды.
«Алаяқтық әрекеттерінің салдарынан ол 11 кәсіпкердің жалпы 126 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген. Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған», – делінген ақпаратта.
Биыл тамызда ол Бішкек қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сұрауы негізінде ол қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін белгіленген тәртіппен елгее экстрадицияланды.
Қазір уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық заңмен айыпталған әрекет үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.