Астанада блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот басталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Блогер Ерболат Жанәбілов ісі басталды/фото: kursiv.media

Блогер Ерболат Жанабылов ісі сотта қаралып жатыр. Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып жатқан іске ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова, туризм және спорт министрлігі өкілдері және БАҚ өкілдері қатысып отыр.

Министрлікке қарасты ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті өкілінің хабарлауынша, 21 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Жанабыловтың әрекетіне қатысты eOtinish платформасы арқылы сегіз шағым түскен. Бұл деректер іс материалдарына қосылды.

Даудың басы

18-21 тамыз аралығында Instagram-да @Zhanabylov_e және @elt6i аккаунты арқылы танымал блогерлер 10 автокөлік ойнататынын жариялады. Алайда тікелей эфирдің орнына қолданушыларға Zhana Business атты ақылы оқу курсының сілтемесі ұсынылған. Курс құны – 30 мың теңге. Ұтысқа қатысу үшін осы курсты сатып алу қажет болған. Бұл жағдай әлеуметтік желіде бұл сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға шағым түсті.

Содан кейін туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тексеріс жүргізіліп, материалдар сотқа жолданғанын мәлімдеді.

Заңда не жазылған?

Қазақстан заңнамасына сәйкес, лотереяны тек ресми операторлар мен олардың агенттері ғана өткізе алады. Ерболат Жанабыловқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы (лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу) бойынша хаттама толтырылған.

Сондай-ақ оқыңыз