Блогер Ерболат Жанабыловтың әйелі сот залынан шығарылды

Жарияланды 5 Қыркүйек 2025 11:21

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Эльмира Төлегенова сот залынан шығарылды/фото: kursiv.media

Астанада блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты әкімшілік іс басталды. Сотқа келген блогердің әйелі Эльмира Төлегенова сот залынан шығарылды.

Істі қарап жатқан судьяның айтуынша, Instagram-да @elt6i аккаунты арқылы танымал блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты да хаттама толтырылған. Ол – блогер Ерболат Жанабыловтың әйелі. Сол себепті бұл істе ол мүдделі тұлға болуы мүмкін.

Айта кетейік, 18-21 тамыз аралығында Instagram-да @Zhanabylov_e және @elt6i аккаунты арқылы танымал блогерлер 10 автокөлік ойнататынын жариялады. Алайда тікелей эфирдің орнына қолданушыларға Zhana Business атты ақылы оқу курсының сілтемесі ұсынылған. Курс құны – 30 мың теңге. Ұтысқа қатысу үшін осы курсты сатып алу қажет болған

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тексеріс жүргізіліп, материалдар сотқа жолданғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз