Зейнеткер Ақтоғайдан Павлодарға тікұшақпен шұғыл жеткізілді
Жарияланды

«Қазавиақұтқару» тікұшағы қарт адамды Ақтоғай ауданынан Павлодарға шұғыл жеткізді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Экипажы шұғыл медициналық рейсті орындап, 1959 жылы туған зейнеткерді өкпе артериясының тромбоэмболиясы диагнозымен арнайы медициналық көмек алу үшін Ақтоғай ауданынан Павлодарға жеткізген.
«Ұшу кезінде науқастың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Ол Павлодардағы медицина қызметкерлеріне тапсырылғанға дейін оның жағдайы үздіксіз қадағаланды», – делінген ақпаратта.
Операцияны тәжірибелі экипаж мүшелері Саукинбек Керім, Әсілхан Азамат және Шахабаев Дәурен орындаған.