Жаңалықтар

Қазақстанның халық әртісі өмірден өтті

Сапар Өтемісұлы қайтыс болды/фото: shutterstock

Қазақстанның халық әртісі Сапар Өтемісұлы дүниеден өтті. Қаралы хабарды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жеткізді.

«Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Сапар Өтемісұлының өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, туған халқына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген ақпаратта.

Сапар Өтемісұлы – 60 жылдан астам уақыт бойы өнерде жүрген әртіс.

«Өтемісұлы Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының өсіп-ілгерілеуі жолында тынбай тер төккен ұлттық театр өнерінің шоқтығы биік тұлғалардың бірі. Ол жүздеген рөлі арқылы қазақ сахнасының өрісін кеңейтіп, көрерменнің жүрегіне жол тапқан шынайы өнер иесі еді», – делінген ақпаратта.

Шілдеде қазақстандық журналист Мұхтар Түменбай 55 жасында өмірден өтті