Дау шыққан Ерболат Жанабыловтың курсын қазірге дейін 6 мың адам сатып алған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жанабылов сотта жауап берді/фото: kursiv.media

Қазірге дейін Ерболат Жанабыловтың курсын 6 мыңға жуық адам сатып алған. Курстың құны – 30 мың теңге. Блогер курсты сатып, сатып алғандар арасында 10 автокөлікті ұтысқа қойған.

Блогерге қатысты әкімшілік іс елорда сотында қаралып жатыр.

18-21 тамыз аралығында Instagram-да @Zhanabylov_e және @elt6i аккаунты арқылы танымал блогерлер 10 автокөлік ойнататынын жариялады. Алайда тікелей эфирдің орнына қолданушыларға Zhana Business атты ақылы оқу курсының сілтемесі ұсынылған. 

Ерболат Жанабылов сотта курстардың жарнамасына және ұтыс ойынына қатысты ғана түсініктеме беретінін мәлімдеді. Ал жұбайы Эльмира Төлегенова басқаратын «Zhana Бизнес» ЖШС қызметіне қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Алайда ол бұл ЖШС-ға құны шамамен бір миллион теңгенің қызметін көрсеткен. Ал конкурстың жүлдесіндегі ақшалай қаражатты Жанабылов өзінің жеке банк шотынан төлеген.

Айта кетейік, блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова 2021 жылдан бастап курс сатумен айналысады. Мемлекеттік органдар отбасыға 2025 жылы ғана назар аударған. Жанабылов өз түсініктемесінде өзі жарнамалаған курстар (тауар, қызмет) сату, бизнес бастау және қаржы сауаттылығына қатысты екенін айтты.

«Курстар Қытай жайлы, қалай тапсырыс беру, сату, бизнес ашу туралы. Отбасы бюджетін қалай үнемдеуге болатыны да бар», – деді ол.

Курс өткізуден блогерлер қанша қаражат тапқаны және олардың өзіндік құны қанша болғаны туралы сұрақтарға Жанабылов жауап беруден бас тартты.

Келесі сот отырысы 2025 жылдың 15 қыркүйегінде өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз