
Алматы қаласының прокуратурасы екі ай бойы қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде кешенді рейдтік іс-шаралар өткізілгенін хабарлады.
Жұмыс барысында меншік иелерінің жұмыс орны, байланыс деректері, тіркелген қарудың болуы, түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауаптылыққа тарту фактілері туралы сауалнамалық мәліметтері, сондай-ақ тұрғын үйді жалға беру туралы ақпаратты қамтитын әрбір пәтер бойынша деректер базасы қалыптастырылған.
Тексерубарысында 1000-ға жуық бұзушылықты анықталған:
- көші-қон заңнамасын бұзудың 120 фактісі;
- қоғамдық тәртіпті бұзудың 98 фактісі;
- заңсыз жалға алудың 114 факті;
- жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер;
- жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567фактісі;
- алкоголь өнімін заңсыз сатудың 7 фактісі.
Прокуратура, полиция және мемлекеттік органдардың ауқымды жұмысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті жақсартуға және мегаполис тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Бұған дейін, Алматы полицейлері самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік шараларды жүргізіп, бір тәулікте 1 мыңнан астам рет тәртіп бұзу фактісін тіркеген.