Жаңбыр, найзағай, тұман: демалыс күндері ауа райы қандай болады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Жаңбыр, найзағай, тұман: демалыс күндері ауа райы қандай болады
Жаңбыр, найзағай, тұман: демалыс күндері ауа райы қандай болады / фото: shutterstock

Қазгидромет демалыс күндеріндегі ауа райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсер ететінін хабарлады.

Соған байланысты елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

6 қыркүйекте солтүстік-батыста, 7-8 қыркүйекте солтүстікте, 8 қыркүйекте шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болады деп болжанып отыр.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Температуралық фон бойынша ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр:

  • Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +15…+25°С;
  • Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +13…+20°С;
  • Орталықта түнде +7…+18°С, күндіз +15…+23°С;
  • Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз +22…+30°С;
  • Шығыста температура көтеріледі – түнде +5…+15°С, күндіз +20…+28°С;
  • Батыста және оңтүстік-шығыста температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.

Бұған дейін, синоптиктер қыркүйекте республика аумағында ауа райы салқын болатынын хабарлаған. Болжамға сәйкес, ауа температурасы төмендеп, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын жаууы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз