Адамдарға қызық үшін сынапты жалаң қолмен ұстатқандардың әрекеті жұртты шошытты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Адамдарға қызық үшін сынапты жалаң қолмен ұстатқандардың әрекеті жұртты шошытты
Адамдарға қызық үшін сынапты жалаң қолмен ұстатқандардың әрекеті жұртты шошытты / фото: видео кадры

Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жәрмеңке кезінде Хайдарқан сынап комбинатының қызметкерлері балалар мен ересектерге сұйық сынапты жалаң қолмен ұстауға рұқсат берген.

Бейнежазбада адамдар көрме стендінің үстінде ашық колбадағы улы металға қолын батырып жатқаны анық көрінеді.

Сынап қауіпті ауыр металдардың қатарына жататындықтан көрініс желіде жұртты шошытты. Олар сынаптың қауіпті екенін айтып, комбинат қызметкерлерінің әрекетін сынға алып жатыр.

Сусып, қолға жұқпайтындай көрінетін сынап шынымен де адамды ауруға шалдықтыруы мүмкін. Онымен біраз уақыт жанасу әсіресе балаларға зиянды, олардың жүйке жүйесі толық қалыптаспағандықтан, аз ғана мөлшердің өзі баланың дамуына әсер етеді.

Ал сынаптың буын жұту – аса улы. Сынап бөлме температурасында-ақ буланып, өкпе арқылы қанға тез тарайды.

Сынаптан ұзақ уақыт улану есте сақтау қабілетінің нашарлауына, қолдың қалтырауына, көңіл-күй өзгерістеріне әкеледі. Ағзада жиналып, бүйрек пен бауырды зақымдайды.

Бұған дейін, Таразда су құбырына улы химиялық заттар түсіп кетті деген ақпарат тараған.

Сондай-ақ оқыңыз