Жаңалықтар

Ойлануға бір тәулік беріледі: Онлайн кредит алу тәртібі өзгермек

Фото: .kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

30 қыркүйектен бастап тұтынушылық, кепілсіз онлайн-несие алғысы келгердердің ойлануына қосымша уақыт беріледі. Бұл ресми тілде «салқындату кезеңі» деп аталады. Осы уақыт несие алатын азаматтың тағы бір ойланып, нақты шешім шығаруына арналған. Ал ақша шұғыл қажет болса, банк бөлімшесі немесе МҚҰ кеңсесіне баруы керек болады.

«Салқындату уақыты» не үшін керек?

Көбіне адамдар эмоциямен несие рәсімдеп алып, артына кредитті бекер алдым деп өкініп жатады. Одан бөлек, алаяқтардың арбауына түсіп, кредит алып қоюы мүмкін. «Салқындату кезеңі» осындай жағдайлардың алдын алуды көздейді.

Қанша уақыт күту керек?

Егер 450–255 АЕК немесе 590 мың-1 млн теңге аралығында кредит қажет болса, ақшаға өтініш тастаған соң, банк ойлануға кемі 8 сағат береді. Онлайн қарызды алу үшін 8 сағат күте тұру керек болады.

Ал қарыз сомасы 255 АЕК, яғни 1 млн теңгеден жоғары болса немесе микрокредит 75 АЕК-тен (шамамен 295 мың теңгеден) асса, клиенттің кемі 24 сағат күтуіне тура келеді.

Ақша қарыз алушыға тек осы уақыт өткен соң, оның келісімімен ғана аударылады.

Бұл ереженің қандай несиеге қатысы жоқ

Бұл ереже тауарға арналғ кредиттер, карталық лимит шегіндегі қарызға (150 АЕК-ке дейін) және ішкі қайта қаржыландыруға қатысы жоқ.

Егер адам ойынан айнып қалса, келісімшарт автоматты түрде күшін жояды, ал ақша аударылмайды.

Жаңа талап тек онлайн берілетін қарыздарға қатысты. Егер қаражат шұғыл қажет болса, банкке немесе МҚҰ-ға тікелей барып, несие рәсімдеуге болады мұнда «салқындату кезеңі» болмайды.