Соттан тыс банкрот болу жеңілдей түспек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Соттан тыс банкрот болу жеңілдей түспек / shutterstock

Қаржы министрлігі соттан тыс банкроттық ережелеріне өзгерістер енгізбек. Жаңа құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қарыздарды реттеу талабы жойылады.

Сонымен қатар борышкерге себебін көрсетпестен соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату құқығын берілмек. Оған қоса қаржы ұйымдары алдындағы, оның ішінде кредиттік бюро базасында көрсетілмеген барлық міндеттемелерді (соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін) тоқтатуға қатысты өзгеріс енгізіледі.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шара банкроттық рәсімін халық үшін қолжетімді етіп, азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.

Бұған дейін заңгерлер банкроттық туралы заң шикі кем-ктігі көп деп мәлімдеген.

2023 жылы банкроттыққа тапсырған азаматтардың өтініштер саны 77 мыңнан асқан. 2024 жылы – 83 мың, ал 2025 жылдың 3 айында 38 мыңға жуықтаған. Бірақ өтініш бергендердің барлығы банкрот деп танылмаған.

Сондай-ақ оқыңыз