Жаңалықтар

Жүк тасымалын бақылайтын «Транзит» жүйесі іске қосылды

Жүк тасымалы «Транзит» жүйесі арқыды бақыланатын болады / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жүк тасымалын бақылайтын «Транзит» жүйесі іске қосылды. Бұл шешім 2025 жылғы 29 тамызда Қазғарыштың бұйрығымен қабылданды. Жүйені әзірлеген Ғарыштық техника және технологиялар институты енді оның тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, әрі қарай дамытуды жоспарлап отыр.

Ол заңсыз тасымалдың алдын алып, жолға кететін уақытты қыстартпақ. Сонымен қатар, осы жүйе қызметінің арқасында бюджетке жүк тасамалынан түсетін салық көлемі артпақ.

Институттың айтуынша, жаңа жүйе Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтіп, елді Еуразиялық көлік дәліздерінің негізгі буыны ретінде бекітуге көмектеседі.

Жоба толықтай институттың өз қаражатына жасалған. Сонымен бірге барлық ақпараттық қауіпсіздік талаптары сақталған.

Қазақстан бұған дейін тек жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құратыны хабарлаған.