
Көпшілік күткен қазақстандық қорқынышты фильм «Дәстүр 2» жобасының түсірілім алаңынан алғашқы кадрлармен бөлісті. Тылсым мен құпияға толы фильмнің жалғасы жылдың соңында көрерменге жол тартады.
2023 жылы жарық көрген «Дәстүр» фильмі қазақ киноиндустриясында нағыз сенсацияға айналып, елімізде және шетелде шамамен 2 млрд теңге жинап, қазақстандық кинематография тарихындағы ең кассалық жоба болды.
Жаңа картинаның продюсерлері – алғашқы бөлімді түсірген Қуаныш Бейсек пен Алмас Жали. Фильмнің режиссері – Әлішер Үтев, ал сценарийді Арыстан Қаунев пен Біржан Қабылбаев жазған.





«Дәстүр» фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек биыл тағы бір туындыны прокатқа шығармақ. 13 қараша күні кинотеатрларда «Ауру» фильмі шығады.