Мәскеуде Қамшы Көлбаевтың оққағары болған «Ұзын Ұлан» ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мәскеуде Қамшы Көлбаевтың оққағары «Ұзын Ұлан» ұсталды / фото: Қырғызстан ҰҚМК

Мәскеу қаласында қырғызстандық қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаевтың жақын серіктесі әрі жеке күзетшісі Ұлан Барчакеев ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

1972 жылы туған Барчакеев қылмыстық ортада «Ұзын Улан» деген лақап атпен танымал. Ведомство мәліметінше, ол ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ретінде есепте тұрған. Сондай-ақ Көлбаевтың сенімді адамы болып, оның жеке қауіпсіздігіне жауап берген.

ІІМ деректеріне қарағанда, Барчакеев бірнеше қылмыстық жанжалдарға қатысқан, кәсіпкерлерден ақша бопсалап, фирмалары мен жылжымайтын мүліктерін тартып алып отырған. Бұл әрекеттер қылмыстық қорды толықтыру мақсатында жасалған.

Сонымен қатар «Ұзын Ұлан» 2019 жылы Бішкекте шетелдік кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасағаны үшін айыпталып отыр. Сол кезде жәбірленушінің аса ірі көлемдегі мүлкі қолды болған.

Айта кетейік, Қамшы Көлбаев 2023 жылдың 4 қазанында Бішкекте Қырғызстан ҰҚК арнайы операциясы кезінде көз жұмған болатын.

Бұған дейін, Көлбаевтың тыңшысы болған деген күдікпен Қырғызстанда көкбөрі федерациясының бұрынғы басшысы Талас Бегалиев ұсталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз