
ФИФА Әлем чемпионатына дайындалып жатқан Өзбекстан ұлттық құрамасы қазан айында Уругвай командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Өзбекстан футбол федерациясы хабарлады.
Матч 13 қазанда Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өтеді.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 5 маусым Өзбекстан футболы үшін тарихи күн болған еді. Бұл күні ел құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерімен өткен шешуші ойында тең ойнап (0:0), өз тобында екінші орын алып, алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алған еді.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.