Сағындық Тоғамбай бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады / фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады.

90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүрген спортшымыз алғашқы айналымда ағылшын боксшысы Исаак Окомен жұдырықтасты. Қарсыласы бірінші раундта басым болғанымен, жекпе-жектің соңына қарай Тоғамбай жағдайды өз пайдасына бұрып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді Сағындық келесі кезеңде Ирландия өкілі Джек Марлеймен күш сынасады.

Бүгін, 5 қыркүйек күні Қазақстан атынан екі спортшы қыз шығады. Басталуы сағат 15:00 де. 57 келі салмақта Карина Ибрагимова грекиялық боксшы Панагета Кузилумен шықса, 65 келіде Аида Әбікеева мажарстандық Лука Хаморимен жұдырықтасады.

Сондай-ақ оқыңыз