
Американың ірі компаниялары Қазақстан экономикасына 51 млрд доллар инвестиция құйған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің АҚШ-тың ірі компанияларының өкілдерімен кездесуі кезінде айтылған.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, министр АҚШ сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия бойынша аға вице-президенті Хуш Чоксинмен кездескен. Бұл кездесу барысында Chevron, Meta, Apple, Coca Cola, Mastercard, Amway компанияларының өкілдері де қатысқан.
Жұманғарин 2024 жылы сауда көлемі бойынша екі елдің жақсы көрсетікштерге қол жеткізгенін айтқан.
«Өткен жылы екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 4,2 млрд долларғ жетті. Біз алдағы уақытта тауар айналымын ұлғайту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін көріп отырмыз», – деді Жұманғарин.
Сонымен бірге жиын барысында АҚШ капиталының қатысуымен Қазақстанда 700-ден астам кәсіпорын қызмет атқарып жатқаны, 2005 жылы тікелей инвестициялар көлемі 51 млрдт доллардан асқаны да айтылған.
Ірі инвесторлар қатарында мынадай компаниядлар бар:
- Chevron;
- ExxonMobil;
- Pfizer;
- General Electric;
- Wabtec.
Бұл компаниядар мұнай-газ, фармацевтика, энергетика және машина жасау салаларына қатысты инвестициялық жобаларға қатысқан. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге келіскен. Қазақстан тарапы салық кодексінің нормаларына сәйкес, шетелдік инвесторларға қолдау көрсетілетінін жеткізген.
Айта кетейік, Қытайдың CNPC, CITIC, SINOPEC, HUAWEI сияқты компаниялары Қазақстан экономикасына 27 млрд доллар құйған.