
Ұлттық банк 4 банкнотты айналымнан шығарады. Қыркүйекітің аяғында 5000 теңгелік банкноттар толық айналымнан шығарылмақ. Бұл туралы Ұлттық банкке сілтеме жасап, Юрист «Параграф» Telegram арнасы хабарлады.
Ұлттық Банк ескі және жаңа 5 000 теңгелік банкноттардың қай мерзімге дейін қатар айналымда болатынын хабарлаған. Бекітілген кесте бойынша, бес мың теңгелік жаңа және ескі банкноттар 2023 жылдың 25 желтоқсанынан 2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін қатар айналымда болуы керек еді. Реттеуші бұл мерзімді ұзартпайды.
Сонымен бірге айналымға шығарылған жаңа 10 000, 2 000 және 1 000 теңгелік банкноттармен қатар аталмыш номиналдағы ескі банкноттардың қай мерзімге дейін қатар айналымда жүретіні белгілі болды.
Банк мәліметінше ескі және жаңа банкноттар қатар айналымда енді 2 жылдай жүреді. Атап айтқанда:
- 2000 теңгелік банкноттар – 2026 жылғы 24 маусымға дейін;
- 10 000 теңгелік банкноттар – 2026 жылғы 27 маусымға дейін;
- 1000 теңгелік банкноттар – 2027 жылдың 27 наурызына дейін қолданыста болады.
Айта кетейік, ескі банкноттар Ұлттық банк бекіткен уақытқа дейін жаңа банкноттармен қатар айналымда жүреді және заңды төлем құралы болып саналады.