2025 жылы 8 трлн теңгенің шығыны бюджеттен алынып тасталды – Бектенов

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді – Тоқаев бюджет шығындары туралы
Бюджет шығыны 8 трлн теңгеге қысқартылған / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ел экономикасын оңтайландыру нәтижесінде 8 трлн теңгенің шығыны бюджеттен алынып тасталған. Бұл туралы AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтқан.

Үкімет мәліметінше, 2025 жылдың бюджеті қалыптастырылған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің маңызды емес деп танылған шығындары алынып тасталған. Бағдарлама әкімшілері жалпы 34 трлн теңгеге өтінім берген. Бірақ оның тек 25 трлн 700 млрд теңгесін ғана қанағаттандырған.

Премьер-министр үкіметте шығындарды оңтайландыру жұмысы тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтіп, тиімсіз шығынжар қысқартылып отыратынын мәлімдеді.

«Әрине, мемлекеттік органдардың ағымдағы шығындары үнемі қайта қаралып отырады. Біз экономикалық тиімсіз шығындарды қысқартамыз», – деді Бектенов.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың басында Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеп, көрпеге қарай көсілетін уақыт жеткенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз