2026 жылы Текеліде құны 4,5 млрд теңге болатын жылыжай кешені іске қосылады

Жетісу облысының Текелі қаласында 2026 жылдың күзінде құны 4,5 млрд теңгелік жылыжай кешені іске қосылады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтқан.
Әкімдік мәліметінше, жеке инвестор ұзақ жылдан бері тоқтап тұрған «Green House – Зеленый дом» жылыжай кешенін жаңғыртады. Қазіргі таңда құны 4,5 млрд теңгеге бағаланған жобаның сметалық құжаттамасын әзірленіп жатыр. Кешеннің аумағын 5,6 га құрап, жылына 8700 тонна қияр мен қызанақ шығаратын болады. 2026 жылдың күзінде пайдалануға берілетін кешенде 100 жаңа жұмыс орны ашылады.
«Осы жобаны қайта іске қосу ісімен екі жыл көлемінде айналыстық. Нәтижесінде жаңа инвестор табылды, енді жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталады. Жылыжай жұмысы жанданғанда халықты қиярмен және қызанақпен жыл бойы үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Кезінде Текелінің қияры Жетісу өңірінде ғана емес, бүкіл ел көлемінде белгілі болған. Сол даңқын қайта қайтаруымыз керек», – деді Исабаев.
Әкімдік соңғы 7 айда облыс орталығына 26,3 млрд теңгеге инвестиция тартылғанын хабарлады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 есе артық. Жалпы тартылған инвестициялардың 92%-ы яғни 24 млрд теңгесі жеке инвестициялар есебінен тартылған.
Айта кетейік, бұдан бөлек өңірге тиесілі «Қорғас – Шығыс қақпасында» 250 млрд теңге болатын инвестициялық жобалар жүзеге асырылады.