ҚНРДА төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Жарияланды 5 Қыркүйек 2025 10:21

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Тимур Әбілқасымов / Фото: ҚНРДА

Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл жайлы агенттік сайтында жазылған.

2024 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Т.Б. Әбілқасымов Агенттік Төрағасының орынбасары лауазымын атқарды, онда екінші деңгейдегі банктерді қадағалап бағалауға, қадағалау технологияларын дамытуға, жасанды интеллект пен іс-қимылды қадағалауды енгізуге жетекшілік етті. Сондай-ақ Т.Б. Әбілқасымов Қазақстанның банк жүйесін жаңғыртуға және орнықтылығын арттыруға бағытталған «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңды дайындау мен әзірлеуді үйлестірді.

2012 жылы Қазақстанның Менеджмент, экономика және болжам институтын (ҚМЭБИ) «Бизнес экономикасы және мемлекеттік саясат экономикасы» мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы London Metropolitan University-де (Ұлыбритания) тәуекелдерді басқару саласында MBA дәрежесін алды.

2014 – 2018 жылдары ««Kazinvest Bank» АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-та жұмыс істеді. 2018 – 2021 жылдары Radius Advisory Lab консалтингтік компаниясында аға серіктес болды.

 2021 – 2024 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарды. Оның басшылығымен SREP, стресс-тестілеу, AQR қоса алғанда, тәуекелге бағдарланған қадағалау элементтері әзірленіп, енгізілді.

2024 жылғы ақпан – тамыз аралығында «NAC Analytica» корпоративтік қорының басқарма Төрағасы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ оқыңыз