Шодиевтің «Еуразиялық қаржы компаниясына» қарсы ісі жабық сотта қаралады

Жарияланды 5 Қыркүйек 2025 16:41

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media

Патох Шодиевтің «Еуразиялық қаржы компаниясына» (оның құрамына Еуразиялық банк пен «Еуразия» сақтандыру компаниясы кіреді) қарсы ісі бойынша сот процесі талапкердің өтініші бойынша жабық режимде өтетін болды. Мұндай шешімді судья Гаухар Қасымбаева қабылдады. Бұл туралы ақпарат 2 қыркүйекте «Сот кабинеті» порталында жарияланды.

«Талапкердің өкілі сот отырысын жабық түрде өткізу туралы өтінішті қанағаттандыруды сұрады. Себебі азаматтық істің мәні – «Еуразиялық қаржы компания» АҚ компаниялар тобының басқару мәселелері, ал олардың ашық талқылануы коммерциялық құпияны сақтау және ЕҚК-нің ірі акционерлерінің мүдделерін қорғауға кері әсер етуі мүмкін», – делінген іс материалдарында.

Сот өтінішті қанағаттандырды. Шешімде дау нысаны коммерциялық құпияға жататын деректерден тұратыны және іс материалдарында жариялануы немесе таратылуы тараптардың заңды құқықтарын бұзуы мүмкін жеке деректер бар екені атап өтілген.

Бұған дейін Алматыда Патох Шодиевтің «Еуразиялық қаржы компаниясына» қарсылығына орай жабық сот отырысы өтіп, Еуразиялық банкке Ибрагимовқа бағынуға уақытша тыйым салған еді.

Сондай-ақ оқыңыз