Жаңалықтар

Қаржы полициясының экс-басшысы Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды

Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды / Фото: kursiv.media   

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл іс оның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілерін тексеру бойынша жүргізіледі.

«Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.   ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды»,– деп хабарлады Бас прокуратура.

Айта кетейік, Қайрат Қожамжаров өз мансабын прокуратура органдарында бастаған, кейін 2012–2014 жылдары қаржы полициясын басқарған. Ол сондай-ақ Ақмола облысының әкімі, президенттің көмекшісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің басшысы қызметтерін атқарған. 2017–2019 жылдары Қазақстан Бас прокуратурасын басқарған, одан кейін Жамбыл облысынан сенатор болып сайланған.