Қырғызстан ҰҚК төрағасы жиналыста қызметкерінің телефонын лақтырып жіберді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Ташиевке қол астындағы қызметкердің телефонға телміргені ұнамады / Фото: gov.kg

Қырғызстанның Қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиевтің ашу үстінде өз қарамағындағы қызметкердің телефонын тартып алып, лақтырып жіберген сәтінің видеосын жариялады.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға Ташиев Нарын аудандық ауруханасына барған кезде болған.

Ташиев медициналық мекеменің ескі ғимараттарын бұзып, олардың орнына төрт қабатты екі жаңа корпус салуды, сондай-ақ аумақты көгалдандыруды тапсырды. Оның айтуынша, қаржыландыруды президент Садыр Жапаровтың тұрақтандыру қоры қамтамасыз етеді.

Талқылау барысында Ташиев тапсырманы түсінген-түсінбегенін нақтылау үшін аудандық ҰҚК бөлімінің басшысына жүгінді. Алайда оның телефонға алаңдап отырғанын көріп, құрылғыны беруін талап етіп, кейін оны лақтырып жібереді.

«Мен сендердің орталарыңа кіріп, жұмыс істеп беруім керек пе? Құрылысты дереу бастаңдар. Жөні дұрыс мердігер таңдаңдар, бүкіл процесті бақылауға алыңдар», — деді ҰҚК төрағасы.

Бұған дейін Камчыбек Ташиевтің мұғалімдерге ішімдік ішіп, темекі шегуге тыйым салғаны туралы жазған едік. Ол арақ ішіп, темекі шегетін мұғалімдер енді жұмысқа алмау керктігін айтып, директорларға тапсырма берген.  

Сондай-ақ оқыңыз