Тоқаев Қазақстанға Конго Президентін шақырды
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді.
«Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады»,– деп хабарлады Ақорда.
Еске салайық осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің және жапон басқыншылығына қарсы күрестің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалау үшін Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына барған болатын.