Мұрат Нұртілеу Украина Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Екі жақты әңгіме Украина тарапының бастамасымен жүзеге асты / Фото: СІМ

ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Украина СІМ басшысы Андрей Сибигамен телефон арқылы сөйлесті. Екі жақты әңгіме Украина тарапының бастамасымен болып отыр.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өзара қызығушылық тудыратын түрлі салаларда оны одан әрі нығайтуға ортақ мүдделілік білдірді.

«М.Нұртілеу өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін халықаралық құқық қағидаттарына негізделген берік бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы дипломатиялық күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті»,– деп хабарлады СІМ.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның Сыртқы істер министрі, кәсіпкер Гаджи Гаджиев және бірнеше ҰҚК қызметкері ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Алайда кейіннен бұл мәліметтерді Сыртқы істер министрлігі теріске шығарды, ал Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева аталған деректер расталмағанын мәлімдеді.

Мұрат Нұртілеу өзіне қатысты тараған ақпараттан кейін жұрт алдына шықты. Ол «Harvest Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Алмаз Альсеновпен кездесу өткізді.

Сондай-ақ оқыңыз