Жаңалықтар

Алматыда үш қабатты ғимараттың шатыры өртенді

Фото:

Алматы қаласының Әуезов ауданында үш қабатты ғимараттың шатырынан өрт шықты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау шаруашылық құрылыстан басталып, кейін шатырға жайылған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті оқшаулап үлгерді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үздіксіз су беру ұйымдастырылған. Жалынмен күреске Алматы қалалық ТЖД-ның 32 қызметкері мен 9 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Өрт салдарынан шатырдың бір бөлігі құлаған. Дегенмен құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс жүргізуде.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.