Бельгия – Қазақстан матчын қайдан көруге болады
Жарияланды

7 мен 8 қыркүйекке қараған түні Брюссельде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгия мен Қазақстан құрамалары кездеседі.
Ойынның тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Матч Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.
Қазіргі таңда Бельгия құрамасы іріктеуде үш ойын өткізіп, жеті ұпай жинады. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы төрт матчта үш балл ғана еншілеп отыр. Соңғы ойында Әли Әлиевтің шәкірттері өз алаңында Уэльс құрамасына 0:1 есебімен жол берген болатын.