
Бүгін, 7 қыркүйек күні, Ливерпульде бокстан Әлем чемпионаты аясында қазақстандық боксшылар бірнеше жекпе-жек өткізеді.
Күндізгі сессияны Qazsport телеарнасы сағат 14:55-те көрсетеді.
Алғашқы кездесуде 55 келі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан мексикалық Бриан Оуен Ортизбен кездессе, 80 келіде Нұрбек Оралбай украиналық Матвей Ражбамен күш сынасады.
Кешкі сессия Qazaqstan арнасынан сағат 21:55-те тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл кезеңде 57 келіде Карина Ибрагимова Ұлыбритания боксшысы Элиз Глиннмен, 70 келіде Наталья Богданова үндістандық Санамача Чану Зочоммен, ал 65 келі салмақта Ертуған Зейнулинов франциялық Хуго Граумен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұған дейін бірнеше боксшымыз әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жектерін сәтті бастап, жеңіске жеткен еді.