Арбаттан тауға дейін: Алматыда Макс Корждың фанаттары концерт қойды

Жарияланды 7 Қыркүйек 2025 13:24

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Алматыда Макс Кoрж фанаттары концерт қойды / коллаж: kursiv.media

Беларусь әншісі Макс Корждың 6 қыркүйекте Алматыда өтуі тиіс концерті болмай қалды. Дегенмен жанкүйерлер оңтүстік астанада бас қосып, қаланың әртүрлі жерінде әншінің әндерін бірге шырқады.

Жанкүйерлер арбатта, Орталық стадионда, тауда, автобустарда және көліктерде шырқалған әндерді бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде таратты.

«Макс Корж Алматы!» атты Telegram-чатта (12,8 мыңнан астам қатысушы) олар арнайы кездесу локацияларымен бөлісіп отырды.

Концертке дайындық бір жылға жуық жүргізілген еді. 35 мың билет сатылып, 17 мыңға жуық турист келеді деп жоспарланған. Алайда 27 тамызда Орталық стадион дирекциясы концерттің өтпейтінін хабарлады.

Макс Корж өз мәлімдемесінде Қазақстанға деген көзқарасы өзгермегенін айтып, тыңдармандарына қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз